USD
USD
USD

«Құнанбай» спектаклінің премьерасы қашан?

29, 30, 31 наурызда Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры «Құнанбай» спектаклінің премьерасын ұсынады, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігі.

«Құнанбай» спектаклінің премьерасы қашан?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Абылай хан, Зере, Абай сынды дара тұлғалармен ерекшеленетін театр репертуарының қоржыны Құнанбай бейнесімен толығады. ҚР Тәуелсіздігінің және «Қаллеки» театрының 30 жылдығына орай сахналанған «Құнанбай» драмасының қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Туынды авторы – Таласбек Әсемқұлов. Қоюшы суретшісі – Қанат Мақсұтов. Құнанбай бейнесін сахнада үш құрамда - Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Малаев, актер Нартай Сауданбекұлы сомдайды», делінген хабарламада.

Спектакль премьерасына орай, 29 наурыз күні сағат 17.30-да бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді. Оған театр директоры Ернар Жұматаев, театрдың көркемдік жетекшісі Қуандық Қыстықбай, режиссер Болат Ұзақов қатысады.

29 наурызда сағат 19.00-де театр сахнасында спектакль көрсетілімі басталады.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы