USD
USD
USD

Күн суытады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер Қазақстанда 27-29 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Күн суытады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алдағы тәуліктерде батыста, солтүстік-батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, одан кейін шығысқа ауысуымен республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжамынша, елде жел күшейіп, батыста және оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғады.

Ауа температурасы күндіз батыс облыстарда 23-33, оңтүстікте 27-35, оңтүстік-шығыста 23-30 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.

"Республиканың қалған аумағында 27-28 сәуірде температуралық фон сақталады, бірақ 29 сәуірде түнде қайтадан 2-10 градусқа дейін, күндіз 10-18 градусқа дейін төмендейді", - деп хабарлады Қазгидромет.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG