USD
USD
USD

Құмар ойын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

Елорда аумағында жасырын құмар ойынын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті.

Құмар ойын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Елордалық полиция қызметкерлері жүргізген арнаулы операция барысында Нұр-Сұлтан қаласы аумағында жасырын заңсыз құмар ойынын ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Топ құрамына осындай қылмыстарды жасағаны үшін бұрын сотталған адамдар кіргені анықталып отыр», - делінген ведомство мәліметінде.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері топтың нақты иерархиясын, қылмыскерлердің өзара рөлін әшкереледі.

«Біреулері алдын ала сөз байланысқан ойыншылар мен дилерге жауапты болса, енді бірі арнайы белгіленген карта және орын-жаймен қамтамасыз етіп отырған. Ал үшіншісі әлеуеттік ойыншыларды іріктеумен айналысқан», - деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дмитрий Демидов.

Қылмыстық топты құмар ойының үстінде ұстауға бағытталған операция қаладағы кез келген адам кіре алмайтын орынның бірінде жүргізілді.

Полиция қызметкерлері тінту барысында ірі сомадағы ақша, құмар ойын ойнауға қажетті атрибуттар, оның ішінде арнаулы техникалық құралдарды тәркіледі.

Қазіргі уақытта қылмыстық топты ұйымдастырушы және оның мүшелері ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

Білім министрлігі

Ерлан Қарин енбеген: «Әділет» Құрылтайға өткен 110 депутаттың тізімін жариялады

«Әділет» партиясы

Аша Матай, Бейбіт Әлібеков және Азат Перуашевсыз: Партиялар Құрылтайға баратын депуттар тізімін жариялады

Парламент отырысы

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы