USD
USD
USD

Құмар Ақсақалов сүт өндірісінің көлемін 1 млн тоннаға жеткізбекші

Солтүстік Қазақстан облысының өкімдігі сүт өндірісінің көлемін жылына 1 млн тоннаға жеткізбекші.

Құмар Ақсақалов сүт өндірісінің көлемін 1 млн тоннаға жеткізбекші
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияында айтты.

«Елімізде соңғы үш жылда 32 өнеркәсіптік сүт кешені қолданысқа енгізілді. Тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана 12 кешен ашылды. Яғни, әрбір үшінші ферма біздің облыста салынған. Биылдың өзінде 16 кешен салып жатырмыз. Жыл аяғына дейін соның онын іске қосамыз. Жыл сайын 10-15 осындай ферманы іске қосып отырамыз. Барлығы кем дегенде 52 тауарлы-сүт фермасын салу жоспарланған», – деген аймақ басшысы талған нысандар 64 елді мекеннің айналасынан салынатынын жеткізді.

«Бұл нысандар облыстың 64 ауылының маңайынан бой көтереді. Бұл – екі мыңнан астам ауыл тұрғыны жыл он екі ай жұмыспен қамтылады деген сөз. Осы жобалардың арқасында сүт өндірісінің көлемін 598 мың литрден 1 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Әр қазақстандық жыл сайын 340 литр сүт тұтынатынын ескерсек, біздің облыс бүгінде шамамен 1 млн 700 мың адамды сүтпен қатамасыз етіп отыр», – деді Құмар Ақсақалов.

Қазір оқып жатыр

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу