USD
USD
USD

Құмар Ақсақалов Наурыз мерекесінен бас тартты

Биыл Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Наурыз меркесін тойламайтын болды. Себебі кеше әкімшіліктің жиынында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қол астындағыларға осындай пәрмен берді. 

Құмар Ақсақалов Наурыз мерекесінен бас тартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап, zakon.kz хабарлады.

«Ел басшысының жұрт көп жиналатын бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салуына байланысты биыл Наурыз мерекесі дәстүрлі түрде атап өтілмейді. Өйткені ол да – халық жаппай шоғырланатын шара» депті облыс басшысы.

Сондай-ақ, Құмар Ақсақалов Петропавл қаласы мен аудан басшыларына осы тапсырмасын қатаң бақылауды жүктеген.

Әрине,  әлемді алаңдатқан коронавирустан сақтанған дұрыс-ақ. Мемлекет басшысының мәдени және спорттық шаралар, конференциялар мен көрмелер өткізуге уақытша тыйым салғаны да рас. Бірақ президент Қ.Тоқаевтың аузынан «Наурыз мерекесін тойламаңдар» деген сөз естімеген сияқты едік. Соған қарап, Ақсақалов тым асыра сілтеп жіберген жоқ па екен деп отырмыз.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

.

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Ерболат Досаев

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

.

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

КҚК