USD
USD
USD

Құмар Ақсақалов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов бүгін коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін қойғызды.

Құмар Ақсақалов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО әкімі Құмар Ақсақалов бұл жайында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Көктемде коронавируспен ауырып тұрдым. Белгілі бір уақыт өтті, сондықтан дәрігерлер вакцина қабылдауға кеңес берді. Ауырмау үшін мен отбасыммен екпе алуды шештік. Кеше ұлым екпе алды, ертең әйелім вакцина қабылдайды. Бүгін мен «Sputnik V» вакцинасының бірінші компонентін алдым. Мен барлығын екпе алуға шақырамын, бұл қауіпті вируспен күресудің ең тиімді әдісі. Ауырмаңыздар!», - деп жазды Құмар Ақсақалов.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде 205 075 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды. Ал вакцинацияның толық курсынан өткендердің саны – 166 287 адам.

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика