Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Құмар Ақсақалов: 300 ауылды жаңартуға үлкен қаражат жұмсамақпыз

Биыл Солтүстік Қазақстан облысының 115 ауылын жаңғыртуға 17 млрд теңге жұмсалады.

Құмар Ақсақалов: 300 ауылды жаңартуға үлкен қаражат жұмсамақпыз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов алдағы бес жылда өңір ауылдарын дамытуға қомақты қаражат бөлінетінін жеткізді.

«Өткен жылмен салыстырғанда облыс қазынасы 25%-ға, яғни 323 млрд теңгеден 406 млрд теңгеге дейін өсті. Жалпы 5 жыл ішінде біздің өңір 500 млрд теңге көлемінде елеулі мөлшерде қолдауға ие болады. Ол ақша түрлі салаларға жұмсалады. Бірақ мақсат жалғыз – солтүстікқазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру. Бұл әсіресе ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасына қатысты. Өңірдің 300 ауылын жаңартуға үлкен қаражат жұмсамақпыз», - деді өңір басшысы.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, биылдың өзінде 100-ден астам ауылда медициналық нысандар мен жолдар, инженерлік инфрақұрылым жөндеуден өтпек.

«Биыл 115 ауылды жаңғыртуға 17 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Ауылдарда мектептер, балабақшалар, дәрігерлік амбулаториялар, кентішілік жолдар мен сумен жабдықтау желілері күрделі жөндеуден өтеді», - деді әкім.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев