28 Қыркүйек 12:56

Құмар ойындарға тәуелділікті қалай тоқтатуға болады?

Құмар ойындар
Фото: ғаламтордан

Құмар ойындарға тәуелділік кез келген жаман әдет сияқты қоғамға қауіпті. Өзіңіздің немесе айналаңыздағы адамдардың жаман әдеттерге құмартқанын байқасаңыз, дереу дабыл қағып, көмек сұраудан тартынбаңыз.

Құмар ойындарға тәуелділікті тоқтатудың бірнеше жолы бар.

Ең алдымен құмар ойындарға тәуелділікті тоқтатудың себептерін тізіп шығыңыз. Құмар ойындарды тоқтату үшін мынандай қорытындыға келу керек: «Құмар ойындарды тоқтатсаңыз, өміріңіз жақсарады». Неліктен тоқтатқыңыз келетінін жазып, ойын туралы ой пайда болған кезде, қайта оқып шығыңыз. Оның орнына уақытыңызды отбасыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартуға, қарыздарыңыздан құтылуға жұмсаңыз.

Ақша тігіп ойнауға құмарлық пайда болса, ойыңызды 15 минутқа шегеріңіз. Сол 15 минут ішінде басқа іспен айналысуға тырысыңыз. Осы уақыт аралығында ойыңыз бөлініп, ойынға құмарлығыңыз жоғала бастайды. Егер ол уақыт аралығында да ойын ойнауға ұмтылысыңыз басылмаса, тағы да өзіңізге уақыт беріңіз. Осылайша, бірте-бірте ойынға деген құмарлығыңызды өз бақылауыңызда ұстай аласыз.

Ойынға қатты құмартсаңыз, жақын адамыңызға хабарласыңыз. Нәпсіңізге ерік бергенше жаныңызға жақын адамға хабарласып, қолдау сұраңыз. Оған барлық ойыңызды айтып, құмар ойындарға құмартпауға жол бермеуін өтініңіз. Ол адам міндетті түрде сіздің жағдайыңызды бақылауға алып, көмектеседі.

Белгілі бір уақытқа дейін ақшаңызды басқа адамға беріп қойыңыз. Осылайша өзіңізді құмар ойын ойнаудан шектеуіңізге болады. Құмар ойындарға тәуелділігіңіз басылғанға дейін сіздің қаражатыңызды жақын досыңыз, жанашыр туысыңыз, ата-анаңыз, жұбайыңыз бақылауында ұстағаны дұрыс. Тек өзіңіздің қажеттілігіңізге ғана жұмсалатын ақшаны алып отырыңыз, қолыңызда артық ақша ұстамаңыз.

Құмар ойындарға қатысы бар веб-сайттар мен қолданбаларды бұғаттаңыз. Қосымшаларды немесе сайттарды бұғаттау арқыы өзіңізді құмар ойындардан қорғаңыз. Сондай-ақ басқа ойыншылармен сөйлесуге болатын форумдардан немесе әлеуметтік медиа топтардан өзіңізді шектеңіз. Компьютердегі сайттарды блоктау үшін URL мекенжайларының тізімін жасау керек.

Құмар ойындар ойнатылатын орындардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Казиноларға, букмекерлік кеңселерге, ойын залдарына баруды тоқтаңыз. Тіпті, осы мекемелер орналасқан жолмен жүрмеңіз.

Құмар ойын ойнайтын достарыңыз бен жақындарыңыздан аулақ болыңыз. Егер сіз құмар ойын ойнауға бейім болсаңыз, оны насихаттайтын адамдармен араласуды тоқтатсаңыз. Олардың ойыннан бас тартпайтынын түсінсеңіз, бірден бойыңызды аулақтаңыз. Оның орнына салауатты өмір салтын ұстанатын достарыңызбен, туыстарыңызбен уақыт өткізіңіз.

Өзіңізге ұнайтын спорт түрімен немесе физикалық жаттығулармен айналысыңыз. Жүгіру, футбол, баскетбол немесе жартасқа өрмелеу сияқты спорт түрлерін қарастырыңыз. Бұрын айналысып көрмеген жаңа жаттығулармен өзіңізді сынаңыз. Бұл тәсілдің артықшылығы – сіз эндорфиндердің артқанын сезініп, денсаулығыңыз бен әл-ауқатыңызды жақсартасыз.

Ұмыт болған сүйікті ісіңізді жаңғыртыңыз. Біз кездері сіздің ерекше сүйікті ісіңіз болды, ал қазір онымен айналысуды қойдыңыз. Егер солай болса, жаңғыртудың тамаша сәті түсіп тұр. Бос уақытыңызды соған арнаңыз. Хоббиіңізді жаңғырту арқылы жаңа үйірмелер мен ұйымдарға жазылыңыз. Араласатын адамдарыңыз құмар ойындарға бейім болса, осылайша оған мүлдем қатысы жоқ жаңа адамдармен танысасыз. Егер ол сүйікті ісіңізді жаңғыртқыңыз келмесе, жаңасын бастаңыз. Бұрын қолданып көрмеген жаңа нәрсе сізді шабыттандырып, ынталандыруы мүмкін.

Ақшаңызды жақсы іске жұмсаңыз. Ақшаңызды құмар ойыннан гөрі үлкен мақсатқа пайдаланудың жолдарын ойластырыңыз. Қосымша ақшаңыз жинаққа немесе инвестицияға кететініне көз жеткізу үшін жалақыңыздан автоматты аударымдарды орнатыңыз.

Маманға қаралыңыз. Құмар ойынды өз бетіңізше тастау өте қиын болса, кәсіби көмекке жүгініңіз. Құмар ойын проблемасы тәуелділік ретінде жіктелуі мүмкін, сондықтан сізге нашақорлық бойынша кеңесшіге бару пайдалы болуы мүмкін.