USD
USD
USD

Құлсарының орталық ықшамаудандарын су басып жатыр

Жылыой ауданында Жадырасын, Болашақ, Қарағай ықшамаудандарын су басуда. Тұрғындар қауіпсіз аймаққа эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress.

Құлсары
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан су аудан орталығын жан-жақтан қоршап жатыр. Мемлекеттік қызметкерлер, құтқарушылар, Ұлттық ұлан әскерилері мен еріткілер тәулік бойы жұмыс істеуде. Бүгін таңертең орталық стадион мен Жадырасын ықшамауданы су астында қалды.

"Жадырасын ықшамауданында тұрғындар эвакуацияланып жатыр. Жаға бекіту жұмыстарына 321 қызметкер, 5 мың ерікті мен ауыл тұрғыны, 121 техника жұмылдырылды, 6809 мал қауіпсіз аумаққа көшірілді. Ауданда 20 мектеп онлайн оқуға көшті. Ал, 5 мың бүлдіршін тәрбиеленіп жатқан 20 балабақша уақытша жабылды", - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен білгеніміздей, бүгінде эвакуацияланған 202 адамның 86-сы – балалар. Су тасқынынан зардап шегушілер қатары сағат сайын артып келеді. Бірі туыстарының үйін жағаласа, бірі ауыл мектептерін паналауда. Тұрғындар ұялы байланыс сапасы да нашарлағанын айтады. Қазір 2 және 3-ауылдар қауіпті аймақта тұр.

Еске сала кетейік, 4 сәуірден бастап Жылыойда төтенше жағдай жарияланған болатын. Су тасқыны Құлсары-Атырау тасжолының бір бөлігін шайып кетті. Сонықтан жол қозғалысы толықтай тоқтатылды.

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтар отбасымен құдандалы болған экс-премьер түрмеден үйқамаққа ауысты

Наджиб Разак

«Күйеуім сектаның ықпалынан шыға алмай жүр»: Нұртас Адамбайдың жұбайы дабыл қақты

Нұртас Адамбай мен жары Ғалия

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу