USD
USD
USD

Құлсарылықтар көпқабатты тұрғын үйлерде жылан пайда болғанын айтып, дабыл қағуда

Атырау облысы Құлсары қаласындағы «Атырау» шағын ауданындағы жүз пәтерлі үш көпқабатты үйдің тұрғындары үйлерін жылан қаптауы мүмкін деп қауіптеніп отырғанын жеткізді.

Жылан қаптады
Фото: azh.kz

Астана, NEGE. «Ақ Жайық» басылымының жазуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған үйлер 2023 жылдың желтоқсанында көпбалалы отбасыларға берілген.

Алайда 2024 жылдың көктемінде болған су тасқыны кезінде үйлерді су басқан. Тұрғындар екі айға жуық уақыт бойы пәтеріне кіре алмай, қайықпен қатынауға мәжбүр болған. Су қайтқаннан кейін жертөле тазартылғанымен, ылғал толық кеппей, соның салдарынан жыландар шыға бастаған.

«Қазіргі уақытта жертөленің жағдайы осындай – оны қайтадан су басып қалды. Алдымен сасық иіс шықты, кейін тышқандар көбейді. Енді жыландар пайда болды. Біз күн сайын қорқынышпен өмір сүріп жатырмыз. Түнде балаларымызға алаңдап, ұйықтай алмаймыз. Егер біреуді жылан шағып алса, оған кім жауап береді?» – дейді Гүлназ Қашабаева.

Тұрғындар жертөледен табылған жыланды суретке түсіріп үлгерген. Олардың айтуынша, бұл жалғыз жылан болмауы мүмкін.

Үйлер жалдамалы тұрғын үй санатына жататындықтан және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің теңгерімінде болғандықтан, тұрғындар жыландардың пайда болуына себеп болған мәселені коммуналдық қызмет мамандары жоюы тиіс деп есептейді.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Арман Абдолов тұрғындардың өтінішінен кейін оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары барып, жыланды ұстағанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол жертөле тұрғындардың ортақ мүлкіне жататынын, сондықтан оны күтіп ұстау мен тазалау тұрғындардың өз міндеті екенін атап өтті. 

Тұрғындар мен шенеуніктер жертөлені кім тазалайтыны жөнінде әзірге ортақ байламға келмеген. Ал тұрғындар мәселе шешілмесе, жертөледе тағы да жыландар пайда болуы мүмкін деп алаңдап отыр.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер