USD
USD
USD

Құлсарыда «ҚазТрансОйл» қызметкері сенбілік кезінде қаза тапты

Алдын ала мәлімет бойынша, «ҚазТрансОйл» қызметкерін көлік қағып кетіп, алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

ҚазТрансОйл
Фото: ҚазТрансОйл

Астана, NEGE. Компания жазатайым оқиға болғанын растады, алайда қызметтік тексеру аяқталғанға дейін оқиғаның мән-жайын жария етуден бас тартты, деп жазады AtyrauPress.

«Аталған оқиғаның болғанын растаймыз. Қазіргі уақытта "ҚазТрансОйл" АҚ оқиғаның себептерін жан-жақты тергеу үшін мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеп жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін бұл жазатайым оқиғаның егжей-тегжейі жарияланбайды», – делінген компания жауабында.

Сондай-ақ компания өкілдері қаза тапқан қызметкердің отбасына қажетті барлық көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Еске салсақ, 9 мамыр күні «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Артемьев шахтасында жұмысшы биіктіктен құлап, қаза тапты. Kaz Minerals компаниясы ұсынған алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, оқиға орнында көз жұмған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы