USD
USD
USD

Құлсарыда қанша нысан су астында қалып отыр?

Атырау облысының Құлсары қаласында қазіргі таңда тек 20 жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Құлсары
Фото: Kazinform

Алматы, NEGE. ҚР ТЖМ құтқарушы күштері 2900 үйден су айдау жұмыстарын жүргізген болатын. Енді тек 20 жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр.

Қалада авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Кадрларда түркістандық құтқарушылар тобы өнімділігі секундына 500 литрді құрайтын жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен суды сору жұмыстарын жүргізуде.

Өңірдің эвакуациялық пункттерінде 585 адам бар, олардың 279-ы балалар. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 7 сәуірінен бастап облыста жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталуда.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары