USD
USD
USD

Құлсарыда 150 үйдің құрылысы басталады

Бүгінгі таңда әрқайсысының ауданы 80 шаршы метрлік 74 типтік үлгідегі үйдің учаскесі белгіленді. Негізгі құрылысты келесі аптада бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

уй
Фото: Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы

Атырау, NEGE. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті.

"Тұрғын үйлер облыстық бюджеттің және демеушілердің қаражатына салынады. Құрылысты жергілікті мердігер мекемелер жүргізеді деп жоспарланып жатыр", - дейді Нұрберген Құсайынов.

Ықшамаудан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен – жарық және сумен қамтылған, газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Ықшамаудан аумағында екі мың орындық Binom мектебін салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 300 орындық балабақша құрылысы басталады.

Тұрғындарға арналған шағын аллеялар салу жоспарлануда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

.

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды