USD
USD
USD

Құлсары қаласының маңына мұнай төгілген

 Атырау облысындағы Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласының маңына мұнай төгілгені анықталды.

Құлсары қаласының маңына мұнай төгілген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жайт туралы қала тұрғындары әлеуметтік желіге видео жүктеген. Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі осыған байланысты арнайы комиссия құрылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Құлсары қаласының тұрғыны әлеуметтік желіге «Мұрагер» шағын ауданының аумағына мұнай өнімдері төгілгені туралы видео жариялады. Осыған орай, арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында облыстық экология департаменті мен Құлсары қалалық әкімдігінің мамандары және қоғам белсенділері бар. Департамент мамандары комиссия мүшелерімен бірге 31 мамырда видеода көрсетілген жерде тексеру жұмыстарын жүргізді. Аталған аумақтың мұнай өнімдерімен бүлінгені анықталды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Аумағы 60х70 метр сол жерден темір бөшкелер, автокөлік дөңгелектері, басқа да заттар табылған. Бұдан өзге 100 тоннаға жуық құрылыс қалдығы тасталған. «Тексеру кезінде Құлсары қаласының өндірістік аймағынан 400-500 метрлік қашықта ор қазылып, оған мұнай өнімдері төгілгені анықталды. Өндірістік аймақтан шамамен 1 шақырымдық қашықта айналасы бетонмен қапталған қазан табылды. Қазанның ішіне су құйылған», – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі. Департамент мамандары зертханалық талдау жүргізу үшін бүлінген жерден топырақ, ал қазаннан су сынамасын алды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы