Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Құлпытасқа оқ атқан кім?

Тамыз айының соңында қала сыртындағы Талғайраң ауылының маңында орналасқан қорымға барған қала тұрғыны Сейілхан Манаш жан түршігерлік жағдайдың куәгері болды. Оның анасының бейітін және өзге 5 бейіттің құлпытасын біреулер бытыраның оғымен атқан, деп хабарлайды Ақ Жайық газеті.

Құлпытасқа оқ атқан кім?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  - Өткен айда әпкем мен анамды жерледім. Құлпытасты ату кімге керек болды? Бұл нағыз жан түршігерлік жағдай, - дейді С.Манаш. Құлпытасты қайта жөндеп қойған, ал полицияға арыз жазбаған көрінеді. Өйткені, оны жасағандардың табылатынына сенбейді.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың қаңтарында Атырауда екі мұсылман зиратында марқұмдардың бейнелері салынып, аты-жөндері жазылған мәрмар құлпытастары бар 30-дан астам мазар қиратылған болатын. Атырау облысының бас имамы сол кезде ислам дінінде жерлеу орындарында бюсттер орнатып, бейнесін салуға тыйым салынғанын, бірақ қабірлерді қорлау үлкен күнә екенін айтқан еді. Көп ұзамай полиция дәстүрлі емес діни ағымдардың бірін ұстанушы бірнеше жергілікті тұрғындарды ұстады. Кейінірек олар сол кездегі редакциядағы «ҚР Қылмыстық кодексінің 275-бабы 2-тармағының «б» және «в» тармақтары («Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының діни өшпенділік тұрғысында өлгендердің мәйіттерін қорлау не олар жерленген жерлерді бүлдіру») бойынша қылмыстық жазаға тартылды.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.