USD
USD
USD

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

Алматыдағы «Кар Сити» авторбөлшек сауда орталығына иелік ететін «Car City» инвестициялық жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы былтыр қожайындарына 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1,3 миллиард теңге дивиденд төлеген.

карсити
Фото: Nege.kz

Кар Ситидің 51 пайыз үлесі «Mercury Properties» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы Тимур Құлыбаевқа тиесілі. Қалған үлесті олигархтың компаньондары – Раушан Сағдиева мен Ринат Қасымовтар ұстап отыр.

карсити
Фото: "Car City" АҚ 2025 жылғы аудиттелген есептілігі. Аудитор: Ernst&Young

Кар Ситидің былтырғы выручкасы 2 миллиард теңгеге сәл жетпей қалды. Бірақ инвестициялық мүлікті қайта бағалау арқылы 600 миллион теңге қосылып, қағаз жүзіндегі операциялық кіріс 2,1 миллиард теңгені көрсеткен. Одан бюджетке екі жыл бойы қордаланып қалған, сомасы 1,1 миллиард теңгеге жеткен корпоративті табыс салығы төленді.

Нәтижесінде таза кіріс 967 миллион теңгеге ғана шығып отыр. Демек, биыл Құлыбаевтар былтырғыдай 1,3 миллиард теңге дивиденд ала алмайды. Көп болса 950 миллион теңгені аударып алуы тиіс. Осыған қарағанда, Кар Сити үшін 2025 жылға қарағанда 2024 жыл анағұрлым жайлы болғанын байқаймыз.

карсити
Фото: Nege.kz

«Mercury Properties» ЖШС-і – Тимур Құлыбаевтың жылжымайтын мүлік бизнесіндегі негізгі басқарушы инвестициялық компаниясы. Оның иелігіне Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау мен Ақтаудағы 51 нысан кіреді. Олардың ішінде бәрімізге таныс ірі сауда-ойын сауық орталықтары, бизнес-орталықтар мен отельдер бар. Компания иелік ететін жылжымайтын мүліктің жалпы ауданы миллион шаршы метрден асады.

Шикізат бизнесінен кетіп жатқан Тимур Құлыбаевтың жылжымайтын мүлік сегментін сақтап қалатыны туралы жазған болатынбыз. Себебі бизнестің бұл бағыты Тимур Асқарұлы үшін «токсик» емес.

Әрине, Mercury Properties Халық банкті ұстап отырған «АЛМЭКС» холдингі сияқты керемет табыс әкелмесе де, күнделікті ішіп-жеуге жететіндей дивиденд беруге шамасы бар. Және ол активтерге ешкімнің, әсіресе мемлекеттік құзырлы органдардың еш таласы жоқ. Осы жағынан алғанда бұл бизнес қолайлы болып тұр.

Қазір оқып жатыр

Бағдаршамнан 133 км/сағ жылдамдықпен өткен: Астанада Porsche жүргізушісі қамалды

Бағдаршам

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді

Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев

«Күнде олардың даусын еститінмін»: көршісі елордада үш бала мерт болған өрттің мән-жайын айтты

Өрт сөндіру

Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?

Мамырдағы мереке