USD
USD
USD

Құны 53,4 млн теңге: Құлыбаевқа қатысы бар компаниядан Щучье көлінің маңындағы жер телімі тәркіленді

Бурабай ауданы прокуратурасының бастамасымен Жер ресурстарын басқару департаменті «Кипрос» ЖШС-нің пайдалануындағы жер учаскесіне иелік ету заңдылығына тексеру жүргізілді. 

Бурабай
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE.  Тексеру барысында серіктестік 2012 жылдан бері Щучье көлі жағалауында орналасқан 3 гектар жер учаскесін иеленіп келгені анықталды. Жер заңнамасының талаптарын бұза отырып, 10 жылдан астам уақыт бойы жер учаскесі игерілмеген, құрылыс жұмыстары басталмаған.

2023 жылы жер пайдаланушыға учаскені игеру туралы міндетті нұсқама берілген, алайда 2024 жылы ешқандай шаралар қабылданбаған.

Тексеру нәтижелері бойынша Департамент сотқа жүгінді. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен кадастрлық құны 53,4 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне өтті.

Қолданыссыз жатқан жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда және аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.

«Кипрос» ЖШС – ірі холдингтік және инвестициялық компания. Ресми деректерге сәйкес, оның құрылтайшысы – белгілі кәсіпкер Тимур Құлыбаев, ал компанияны Айнұр Шаненова басқарады.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу

Жастар саясаттан алыстады ма, әлде саясат жастардан алыстады ма?

.