10 Мамыр 17:00
...

Құлыбаев кэшті таңдады. Қазақ олигархы НЕГЕ Лондон нарығынан кетті?

Тимур
Фото: Фото: Nege.kz

«Халық банктың» негізгі акционері, дәулеті 5 миллиард долларға бағаланған Тимур Құлыбаев наурыз айының соңында Лондонның Мэйфэйр ауданындағы сарайын 34,7 миллион фунт стерлингке сатты. 2007 жылы ол бұл активті 25,8 миллион фунтқа сатып алған еді деп жазады Financial Times.

Букингем сарайының жанындағы үлкен таунхаусты Құлыбаевтан «North Wind Capital» компаниясы сатып алған. North Wind – Бен Уильямс негізін қалаған жылжымайтын мүлікпен айналысатын инвестициялық топ. Бен Уильямс бұрын Deutsche Bank-те жылжымайтын мүлік бойынша директор болған. North Wind бұл сарайды қайта салуды жоспарлап отыр.

http://klepto.asia
Фото: http://klepto.asia

Құлыбаев мұнымен тоқтамады. Ол Аппер-Гросвенор-стрит көшесіндегі өзіне тиесілі көрші ғимаратты да сатпақшы. Бірақ оған әлі сатып алушы табылмаған деп жазады, Financial Times.

Лондонның орталығындағы осы екі ғимарат Құлыбаевтың жылжымайтын мүлік портфеліне ұзақ уақыт кіріп келді. Ол 2007 жылы Аппер-Гросвенор-стрит көшесіндегі нөмірі 41 үйді 25,8 миллион фунт стерлингке, ал көрші нөмірі 42-үйді 12 миллион фунт стерлингке сатып алған болатын. Сол жылы Құлыбаев Беркширдегі ханзада Эндрюдің Саннингхилл поместьесін де сатып алғаны есте. NEGE дереккөзінің айтуынша, Тимур Асқарұлы Гросвенордегі екі үй сатылғаннан кейін ғана Саннингхиллдегі сарай бойынша шешім қабылдамақ.

Тимур
Фото: Nege.kz

Бұдан біз Тимур Құлыбаевтың инвестициялық саясаты өзгере бастағанын байқаймыз. «Жаңа Қазақстан» клептократтарға қарсы күресін үдеткеннен кейін Құлыбаевтың әлемдегі, әсіресе Батыс елдеріндегі жылжымайтын мүліктерінің бұғатталу қаупі күшейе түсуде.

Тимур Құлыбаевтың Қазақстандағы активтерден де біртіндеп шыға бастайтынын болжауға болады. Ол жұбайы Динара Құлыбаевамен бірге «АЛМЭКС» холдингі арқылы Halyk тобының 69,52%-ын ұстап отыр. Қалған 28,49 пайыз акциялары кастодиан The Bank of New York арқылы жеке инвесторлар пулының қолында.

Сарапшылар ресми түрде «АЛМЭКС» үлесі қысқарып, керісінше Құлыбаевтар кастодиан көмегімен Halyk тобына жеке инвестор ретінде кіре алады деген пікірде. Себебі, The Bank of New York акцияларды номиналды ұстаушы болғандықтан, шынымен де ол акциялар кімнің қолында екені жабық ақпарат болып қалады. Halyk-тың Ресей, Тәжікстан мен Қырғызстандағы еншілес банктерін сатып жібергенін ескерсек, қаржылық топтың бір үлкен мәмілеге дайындала бастағанын аңғаруға болады.

Ол қашан жүзеге асады? Тимур Асқарұлының шешімді ұзақ ойланып, әбден есептеп барып қабылдайтын ескерсек, биыл «Халық банк» үшін ештеңе өзгермейді деп ойлаймыз. Ал келесі жылы банкті үлкен жаңалықтар болуы әбден мүмкін.