Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Күйеуімен ренжісіп, үйінен кетіп қалған әйел табылды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жоғалған әйелді үйіне қайтарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күйеуімен ренжісіп, үйінен кетіп қалған әйел табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Келес АПБ-не жергілікті тұрғыннан арыз келіп түскен. Әйел өз арызында таңғы сағат 9:00 шамасында қызы күйеуінің үйінен шығып кетіп, содан хабар-ошарсыз жоғалғанын айтып шағымданған. Өз беттерінше іздеуден нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Аталған жайт АПБ-не тіркелді. Полицейлер ақпарат алысымен жоғалған қызды іздеуге бағытталған барлық іс-шараларды жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алып, әйелдің баруы мүмкін жерлер толық тексерілді. Таныстар шеңбері құрылды. Соның нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы жоғалған қыздың құрбысының үйінде екені анықталды. Осылайша полицейлер ізін суытпай жеті сағат ішінде жас әйелді аман-есен тапты.

Тергеу барысында әйел жолдасымен ренжіскен соң, үйінен шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалғаны белгілі болды.Өз кезегінде арызданушы ана қызының аман-есен табылуына байланысты, полиция қызметкерлеріне шынайы ризашылығын жеткізіп, өз алғысын білдірді. Жұмыстарына табыс тіледі.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант