USD
USD
USD

«Күйеуімді сіңлім тартып алды»

30 жыл

«Күйеуімді сіңлім тартып алды»
Фото: NEGE.kz

отасқан күйеуі сіңлісімен көңіл жарастырған әйел жан сырымен бөлісті. «Жуырда сүйікті жарымның туған сіңлімде көңілі бар екенін білдім. Сіңлім де одан кет әрі емес сияқты. Екеуі бірнеше рет сыртта кездескен екен. Тіпті, үйімізге келгенде де екеуінің әзілдесіп, құшақтасқанын көріп секем алмағанмын ғой», – деп ақтарылады ол Сырласу журналына (syrlasu.kz) .

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Керісінше, күйеуі туыстарынды туғанындай көреді деп мәз болып жүрген.

«Жуырда күйеуім сіңлімде көңілі бар екенін, оны екінші жар етіп алғысы келетінін айтты. Төбемнен жай түскендей болды. Не өңім не түсім екенін айыра алмай біраз есеңгіреп тұрып қалдым. Айтуынша, ол сіңлімді бұрыннан бері ұнатып жүріпті. Мен жүкті болған кезде екеуі сырлас болып алған екен. Уақыт өте сіңлім де оған ғашық болып қалыпты. Тек одан менімен ажыраспауын өтінген екен. Сол себепті Бекзат мені де баламызды да тастамайтынын айтты», – дейді әйел.

Десе де мұндай шындықтан кейін онымен бірге бір минутта бірге бола алмайтынын түсінген.

«Киімдерім мен ұлымды алып ата-анама кеттім. Сол оқиғадан кейін сіңлімнің бет жүзін де көргім келмеді, ата-анам да одан теріс айналды. Естуімше, екеуі біздің жалдамалы пәтерімізде тұрып келеді екен. Некелерін де қиып алыпты. Қанша қиналсам да енді ештеңе бұрынғыдай бола қоймас. Өткенімді өшіріп, баламмен бірге болашағымды құруды мақсат еттім», – дейді кейіпкер.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес