USD
USD
USD

Күйеу жігіт – 85-те, қалыңдығы – 96-да

А

Күйеу жігіт – 85-те, қалыңдығы – 96-да
Фото: NEGE.kz

лматыда ерекше неке қию рәсімі өтті, деп хабарлады Хабар 24 телеарнасы. Бірінің жасы 80-нен асқан, ал екіншісі 90-ды еңсерген қариялар көп жылдан кейін некесін заңдастырды. Неке жүзігін алмасу да дәстүрге сай жүргізілді. Тек бүгінгі неке қиюдың бір өзгешелігі, карантинге байланысты әдеттегідей салтанат залында емес, неке сарайының терезесі арқылы өткізілді.

Aлматы. NEGE.  Тағы бір қызығы, ерінің жасы - 85-те, жұбайы - 96-да. Бұл жұптың махаббаты сонау 1985 жылы басталыпты. Бастапқы кезде достық қарым-қатынас болған. Елена Иванқызы опера театрында көп жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан. Бірақ үйде қарап отыра алмай, қайта жұмысқа шығады. «Жас техниктер станциясында жұмыс істей бастадым. Біз Андрей Михайловичпен сол жерде таныстық. 35 жыл жолдас болдық» дейді Елена Ештокина. Андрей Михайлович жас техниктер станциясында ұлдарға шеге қағуды, ұшақ жасап, ғарыш кемелерін құрастыруды үйреткен. Әрине, оның бәрі макет болатын. Ең басты мақсат – балаларды ынталандырып, білімге, өнертапқыштыққа бейімдеу еді. Елена Ивановна өзі шығармашылық ортадан шыққандықтан бұл оған қатты ұнайды. Ол опера театрында ариялар орындамаған, хорда ән айтқан. Бірақ үнемі жеке партиясы болғанын армандапты. Енді міне, көп жыл жалғыздықтан кейін «жеке өмірім басталды, көптен күткен арманым орындалып, жар атандым» деп әзілдейді.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана