USD
USD
USD

Күдіктіні азаптап өлтірген полицейлер қамалды

Талдықорған тұрғыны Алмас Мұқашевтің өліміне қатысты құқық қорғау органдарының 2 қызметкері қамауға алынды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.

Күдіктіні азаптап өлтірген полицейлер қамалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айта кетейік, Алмас Мұқашев қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған. Марқұмның жақындары тергеу кезінде тыйым салынған әдістер қолданылғанын, көптеген дене жарақаты салынып, салдарынан дені сау адамның көз жұмғанын мәлімдеген болатын.

«Нақты осы кезеңде, яғни 6-8 қаңтар аралығында азаматтардың қаза болу фактілері тіркелді. Оның барлығы бойынша тергеу жүріп жатыр. Мұқашевтің өліміне әкеп соққан ұрып-соғу фактісі бойынша тергеу ісімен арнайы прокурорлар айналысып жатыр. Осы іс бойынша соттың санкциясымен құқық қорғау органдарының 2 қызметкері қамауға алынды», – деді Е. Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер