USD
USD
USD

Күдікті: Сақалдылар «Шаһид!», «Аллаһу Акбар!» деп айқайлады

Терроризмге қарсы жүргізілген арнайы шаралардың нәтижесінде Алматы қалалық полиция департаментіне шабуылдаған күдіктілердің бірі ұсталды. Бұл туралы жедел штаб хабарлады.

Күдікті: Сақалдылар «Шаһид!», «Аллаһу Акбар!» деп айқайлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бейнежазбадан байқағанымыздай, шабуыл белгілі бір адамдардың басқаруымен жасалған. Әскери киім киген топ арнай атыс қаруымен ғимаратты атқылап жатыр. Біреуі тіпті «противогаз» киіп алған.

Күдікті бүй дейді: «Төле бимен келе жатып Брусиловскийге жеткенімде алдымнан топ адам шығып, көлігімді тоқтатып алды. Мемлекеттік нөмірді күштеп шешкізіп, артқа салғызды. «Ешқайда кетпейсің, сенің машинаңмен барамыз!» деді. Алаңға бардым, ол жақта төбелес, атыс болған жоқ. Ол жақтан шыққан соң ДВД-ға (Полиция департаменті – ред.) қарай кетті.

Ол жерге 25-30 адам келді. Бәрі сақалды, бәрі әсери форма киіп алған. Қазақша мүлде сөйлемейді. Өз тілдерінде бірдеңе айтып жатты. «Шаһид», «Аллаһу Акбар!» деп жатты...».

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек бұл шабуылдардың арнайы ұйымдастырылғанын айтады.    

Қазір оқып жатыр

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

Құмар ойын

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент

«Ертіс қателікті кешірмейді»: Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Ертіс

Футбол федерациясы «Ордабасымен» өткен матчтан кейін «Елімайды», Карповичті және төрешіні жазалады

футболдағы жанжал