USD
USD
USD

Күдебаевтың камера ішінде мерекелік дастархан жайған фотосы тарады

Желіде Алматы облыстық полицияның бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қамауда отырып, мерекелік дастархан жайған фотосы тарады. 

Күдебаевтың камера ішінде мерекелік дастархан жайған фотосы тарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті камерада мереке өткізген фотосуретіне түсініктеме берді. Мәлімдеуінше, Күдебаев үйден әкелінген тамақ ішуге құқылы.

"ІІМ-нің бұйрығымен бекітілген Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандар сәлемдеме ретінде жіберілген немесе жақындары әкелген тамақты алуға құқылы. Олар бос уақытында отрядтардың арнайы бөлінген мекемесінде тамақ ішуге құқылы", – деді ҚАЖ баспасөз қызметі.

Комитеттің айтуынша, оған фотодағы тамақтарды туыстары әкелген.

"Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД №22 мекемесінде сотталғандар туыстарынан алғаны анықталды. Тексеріс барысында тыйым салынған өнімдер, яғни алкогольдік ішімдіктер анықталған жоқ", – деп пайымдады ведомоствосында.

Алайда сотталушы телефонды пайдаланғаны үшін тергеу басталған.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов