USD
USD
USD

КҮДЕБАЕВҚА халықаралық ІЗДЕУ жарияланды

Өткен сенбіде Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевты шетелге қашып кеткенін жазған едік, бүгін оған халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.

КҮДЕБАЕВҚА халықаралық ІЗДЕУ жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Прокурор соттан Қаңтар оқиғасы кезіндегі әрекетсіздігі үшін айыпталып жатқан генерал Күдебаевтың ісін қарауды уақытша тоқтатып, оған халықаралық іздеу жариялауды сұрады. 

ҚазТАГ агенттігі тілшісінің жазуынша, бүгін прокурор соттан Күдебаевтың ісін қарауды уақытша тоқтатып, оған халықаралық іздеу жариялауды сұраған. Ол 23 наурыз күні Қырғызстанға өтіп, одан әрі Түркияға кетіп қалған. Бұл деректі ҰҚК Шекара қызметі растады.

Күдебаевқа қатысты сот процесі 5 қаңтарда басталған. Мемлекеттік айыптаушы оны 9 жылға соттауды сұрады. 10 наурызда Күдебаев ауруханаға жатып алды. Үкім шығару төрт рет кейінге қалдырылды. 27 наурызда сот оны мәжбүрлеп әкелуді тапсырған. Алайда генералдың шетелге қашып кеткені белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе