USD
USD
USD

«Күдебаев қызметінен босатылды»

Алматы облысынан хабарласқан тұрақты оқырманымыздың айтуынша, облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал Серік Күдебаев қызметінен босатылды. Бірақ бұл туралы ресми хабарланған жоқ.

«Күдебаев қызметінен босатылды»
Фото: NEGE.kz

Талдықорған, NEGE. Серік Күдебаев 2020 жылы қаңтарда Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған. Сол кезде жаңа бастықты жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өзі таныстырған.

Қаңтардағы бүлік кезінде Күдебаевтың үстінен іс қозғалғаны туралы әңгіме шыққан. Алайда көп өтпей журналист М.Козачков генералға хабарласқанын оның қызметте екенін жазды. Сондай-ақ С.Күдебаевтың бүлік кезінде облыс орталығында болмағаны туралы да сөз болды.

Тілшіміз Алматы облыстық Полиция департаментіне хабарласқан. Алайда ПД баспасөз қызметінен ресми жауап алу мүмкін болмады.

С.М.Күдебаев 1965 жылы туған, ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. 2009-2013 жылдары Алматы облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, одан кейін бастығы болып жұмыс істеді. 2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласының полиция департаментін басқарды.

Қазір оқып жатыр

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

.

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Ер-азаматтар

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Тоқаев

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.