«Кублей» зауытының кейсі: Қазақстандағы бизнесті дамыту мәселелері

Екі жылдан бері қаралып жатқан Кублей зауыты, жаңадан салынған тұрғын үй кешені мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы мәселе - бұдан кейін бизнес-климат бойынша заңнаманы одан әрі жақсарту бойынша жақсы кейс бола алады.
Бұл туралы қазақстандағы бизнесті реттеу бойынша заңнаналық актілерге саралау жүргізген сарапшылар айтып отыр. Болашақта мұндай жағдайлар туындамас үшін, барлық болуы мүмкін тәуекелдерді алдын-ала болжап, олар бойынша нақты алдын-алу шаралары қарастырылуы керек.
Мысалы, Кублей зауыты бойынша мәселе атқарушы орган тарапынан дер кезінде әрекеттің болмағанынан орын алған. Бірақ, атқарушы орган да сол кезде бизнестің мәселесіне жөн-жосықсыз араласа алмаған. Оған тиісті тиымдар кедергі келтірген.
Бқл кейс қалай пайда болды? Кублей зауыты өкілдерінің айтуынша, шамамен 700-ден астам адам жұмыс істейтін және бір тәулікте 600 мың консерві өндіретін зауыт жабылудың аз-ақ алдында тұр. Басты себеп – жергілікті әкімдік зауыттың өнеркәсіп аймағында көпқабатты тұрғын үйлер салуға рұқсат берген. Бұдан кейін кәсіпорын Оралдағы әкімдік, жер қатынастары, сәулет құрылыс басқармасының үстінен шағым түсіріп, тек зауыттың саниатарлық аумағын сақтап қалу ғана емес, аталған мекемелердің жер телімінің нысаналы мақсатын ауыстыруына қатысты әрекеттерінің тексерілуін де талап еткен.
Бірақ, тұрғын үй кешені салынып қойды. Оны өз қаржысына сатып алып, құрылыстың аяқталуын күтіп жүрген тұрғындар аз емес. Енді не істемек керек? Бұл, болашақта тиісті заңнаманы жақсартуға түркткі бола алады, дейді, сарапшылар.
Кублей зауытының төңірегі өндірістік аумаққа жатады. 2020 жылы наурызда бұл аумақта «Циолковский» тұрғын үй кешені салына бастады. Зауыт оған алаңдап әкімдікке, прокуратураға, мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау мекемесіне (ГАСК) арыз түсірді. Әкімдік қаланың 2014 жылы үкімет бекіткен бас жоспарына өзгеріс енгізіп, 2020 жылдың мамыр айында зауыттың санитарлық қорғау аймағынан көпқабатты тұрғын үй салу туралы шешім қабылдаған.
ТҮЙІН: Құрылыс та, зауыт та - бизнес. Бизнес арасындағы түрлі түсініспеушіліктің болып жататындығы - заңнаманың жетілмегендігінде, және атқарушы органдар тарапынан жіберілетін қателіктер.
Егер заң айқын және түсінікті болса, оны түрліше тәпсірлеуге мүмкіндік берілмейтін болады. Бизнес өкілдерінің өзі осы заңнамалардың нақтыланып, жақсаруына мүдделі болып отыр.