Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Куба 22 елге мыңнан астам медицина қызметкерін жіберген

 Куба Оңтүстік Африка Республикасына COVID-19-бен күресуге 200-ден астам медициналық қызметкерін жібереді. Бұл туралы Куба елшілігінің өкілдері хабарлады.

Куба 22 елге мыңнан астам медицина қызметкерін жіберген
Фото: NEGE.kz

Алматы.NEGE. Оңтүстік Африкаға барлығы 217 медик барады, олардың ішінде эпидемиологтар, вирусологтар, отбасылық дәрігерлер бар. Олар елдің әр өңірінде жұмыс істейтін болады. Бүгінде Оңтүстік Африка Республикасында коронавирусты жұқтырғандар саны 4,5 мыңға жуықтады. Көз жұмғандар саны 86-ға жетті. Айта кетері, Куба пандемиямен күресу үшін 22 елге мыңнан астам медицина қызметкерін жіберген. Аралдың өзінде жағдай тұрақты. Індет басталғалы онда 1,5 мыңға жуық науқас тіркелген. МейірбикеТереза Де Ла Круз: "Қазіргі жағдайда адамдарға ынтымақтастық пен ниеттестік қажет. Егер біз барлығымыз бірге әрекет етсек, коронавирустың таралуын тоқтата аламыз. Басқа елдерге пандемияны жеңуге көмектесу жақсы және ұлы іс дер едім" деді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА