USD
USD
USD

Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты

Аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты. Қылмыстық істі Алмалы аудандық соты қарастырып жатыр.

Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қандай жаза тағайындалса да мен шетелге шығуға мүмкіндік беруді сұраймын, себебі мен елімнің намысын қорғаймын", - деді Қуат Хамитов. 

Бұған дейін Хамитовке қатысты сот отырысы 18 қаңтарда өткен болатын. 

"Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қ.Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр", - делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі - "Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы