USD
USD
USD

Қуат Хамитов Сабина Алтынбековаға қатысты пікір білдірді

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов волейболшы Сабина Алтынбекованың некесі туралы жаңалыққа пікір білдірді.

Қуат Хамитов Сабина Алтынбековаға қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 25 желтоқсанда Алтынбекова Instagram-да тұрмысқа шыққанын хабарлады. Кейін Желі қолданушылары құттықтаулармен қатар, ММА спортшысы Қуат Хамитовты әзілмен жұбата бастады, себебі ол біраз уақыт бұрын "Еуразия" бірінші арнасындағы "Қызық Live" шоуына берген сұхбатында Сабина Алтынбековаға үйленгісі келетінін айтқан еді. 

"Ай, Сабина Сабина, мен саған енді қарай бастаған едім, қашып кеттің. Құтты болсын! Шын жүректен бақыт тілеймін! Сен тамаша жансың. Біздің барлық қыздарымыз сен сияқты сүйкімді әрі әдемі болсын. Үлгілі әйел, жақсы ана атанарыңа сенімдімін!

Ал қалғандарына айтарым, босаңсымаңдар, аңшылық жалғасады", - деп жазды Қуат Хамитов Instagram-дағы парақшасында. Онда #қыздар_мен_ боспын деген хештег қалдырған. 

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес