USD
USD
USD

Қуат Хамитов өз партиясын ашқанын жариялады

Қазақстандық танымал файтер Қуат Хамитов партия ашқанын жариялады. Спортшы бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Қуат Хамитов өз партиясын ашқанын жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Келешекте ашамын деп ойлағанмын, бірақ менің мемлекетім бұл процесті жылдамдатты. Бұл партия елге кім кінәлі екенін айту үшін құрылмады, партия халықтың дауысын есту үшін құрылды! Біздің мемлекетіміздің басты проблемасы – олар халықтың пікірімен санаспайды және халықты естімейді. Партияның ашылуына ешқандай кедергі болмайды деп үміттенемін, өйткені біз еркін елміз ғой», – деп жазды ол.

Сонымен қатар, ол партия есігі бәріне ашық екенін, әркім де қосыла алатынын мәлімдеді. Жазбасына ол #Партия_Единый_Казахстан хештегін қойған.

Айта кетейік, бүгін, 28 қаңтарда Қуат Хамитовке қатысты сот үкімі шыққан. Ол 6 айға бас бостандығынан шектелді. Қуат Хамитовтің қылмыстық ісі Алмалы аудандық сотында қаралды. Сот файтердің бұрын жауапқа тартылмағанын және өз кінәсін толық мойындағанын ескерді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда әскери қызмет екі кезеңге бөлінеді

Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстандағы 1С деректері қайда сақталады?

1C

Қазақстанда алтын өндіру көлемі 11%-ға азайды

алтын өндірісі

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік