USD
USD
USD

Қуат Хамитов дзюдодан ӘЧ жүлдесіне берілген сыйақыны сынға алды

Белгілі қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов Ташкентте өткен дзюдодан өткен әлем чемпионатына қатысқандардың жүлде үшін алған сыйақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қуат Хамитов дзюдодан ӘЧ жүлдесіне берілген сыйақыны сынға алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 

Өзбекстанда өткен әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына жекелей сында ғана екі жүлде түсті. Әбиба Әбужақынова (48 келі) және Елдос Сметов (60) қола жеңіп алған болатын. Осы үшін балуандарға сегіз мың еуродан берілді. 

"Әлем чемпионаты жүлдегерлеріне осындай сомма беру - бұл масқара! Кей спортшылар үшін бұл бірінші және соңғы жеңіс болуы мүмкін! Қазақастан спортына сыйақыға қатысты жаңа заңдар керек деп ойлаймын... Мұндай қорлаудан кейін баланы спортқа берудің қажеті не?" - деп жазды Қуат Хамитов  Instagram желісіндегі стористе.

Қазір оқып жатыр

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық