Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қуат Хамитов Дубайда өткен ACA 194 турнирінде ресейлік боксшыны жеңіп кетті

Қазақстандық ММА файтері Қуат «Найман» Хамитов Дубайда өткен ACA 194 турнирінде ресейлік Анатолий Бойконы (12–5) жеңіп, ACA промоушеніндегі дебютін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қуат Хамитов
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Хамитов алғашқы екі раундта күрес пен партердегі бақылаудың арқасында айқын басымдық танытты. Үшінші раундта Бойко белсенділікті арттырғанымен, үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық спортшыға берді – 29-28.

Хамитовтың қарсыласы Бойко ACA-ның жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингінде жетінші орында тұрған және бұған дейін үш рет қатарынан жеңіліп қалған болатын.

37 жастағы Хамитов үшін бұл торға оралғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жегі болды.

Еске салайық, былтыр көктемде ол Александр Шлеменкомен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған еді.

Бойконы жеңу арқылы Хамитов өткен жеңілісін өтеіп, ТМД-дағы ірі лигалардың бірінде мансабының жаңа кезеңін сәтті бастады.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант