USD
USD
USD

Қуат Хамитов атышулы спортшымен жекпе-жек өткізуге келісті

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов (26-8-2) ирандық Мохаммед Хейбатидің (5-5) жекпе-жекке шақыруын қабыл алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қуат Хамитов
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Ұсынысқа келетін болсақ, мұны келесі турнирде орындай аламыз. Менің ойымша, біз өте жақсы жекпе-жек өткіземіз. Мұны жасауға болады. Ұйымдастырушылар қызығушылық танытса, 28 ақпанда Астанада өте керемет шоу қоя аламыз! Егер қандай да бір себептермен Мариф Пираев жекпе-жектен бас тартса, Хейбатиге қарсы жекпе-жек өткізуге болады деп ойлаймын!» – деді Хамитов.

Хейбати қазақстандықты бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге шақырды. Алдыңғы кездесуде ирандық Мұратбек Қасымбаймен жұдырықтасып, тең түсті.

Бұл кездесудің соңғы раундында Қасымбай қарсыласын нокдаунға түсірген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала