USD
USD
USD

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Танымал спортшы, аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болып сайланды. 

Қуат Хамитов
Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Жаңа қызметінде Қуат Хамитов отандық күресті дамытуға, жас спортшыларды қолдауға және жаңа жеңістерге жол ашуға үлкен үлес қосады деп сенеміз», – делінген Федерацияның желідегі ресми парақшасында жариялаған хабарламада.

Айта кетейік, Алматы облысының күрес федерациясына Қуат Хамитовтан бөлек, еркін күрес шебері Әлібек Әбдіқасымов пен кәсіпкер Ерсұлтан Бөбей де вице-президент болып тағайындалды.

Қуат Хамитов ММА-дағы мансабында 38 жекпе-жек өткізіп, 28 рет жеңіске жеткен. Спортшының басты жетістіктерінің бірі – WBK ұйымының жеңіл және жартылай орта салмақтағы чемпиондық атақтарын иеленуі.

Ол 2024 жылдың қыркүйегінде кәсіпқой бокста дебют жасап, WBC Allstars ұйымының арнайы титулын жеңіп алды.

Ал 2026 жылы Хамитов ММА-да ресейлік файтер Александр Шлеменкомен кездесті. Сондай-ақ америкалық RAF күрес лигасында UFC-дің жетекші спортшыларының бірі Арман Царукянға қарсы шықты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер