USD
USD
USD

Қуат Хамитов 64 қарсыласын ұтқан чемпионмен жұдырықтасады

Бұл айқас аралас жекпе-жектен RCC лигасы 19-турнирінің басты жекпе-жегі болады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қуат Хамитов
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов (26-7-2) ресейлік Александр Шлеменкоға (64-15-1) үн қатты.

Спортшылар 4 мамыр Ресейдің Челябі қаласындағы "Трактор" аренасында жұдырықтасады. Бұл айқас аралас жекпе-жектен RCC лигасы 19-турнирінің басты жекпе-жегі болады.

"Челябіде көрісеміз, чемп", – деп жазды Хамитов Instagram желісіндегі стористе.

Шлеменко кәсіпқойда 2004 жылдан өнер көрсетіп, құрылғалы бері америкалық Bellator MMA лигасында жұдырықтасты. 12 жеңіс нәтижесі бойынша, ол Bellator гран-приін екі рет иеленді, орта салмақта чемпион атанып, оны үш рет қорғады.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы