USD
USD
USD

Қуанышбек Есекеев Президенттің көмекшісі қызметіне тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қуанышбек Есекеев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. – Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінгенхабарламада.

Қуанышбек Есекеев 1975 жылы Алматы қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Тысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін және Hult халықаралық бизнес мектебін бітірген. Іскерлік басқару магистрі.

Физика-математика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қолданбалы математика кафедрасында аға оқытушы болып бастады.

1998-2000 жылдары – «Қазақойл» акционерлік қоғамы Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры;

2000-2002 жылдары – «Қазақстан темір жолы» РММ департамент басшысы;

2002-2002 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ақпараттандыру департаментінің директоры;

2002-2003 жылдары ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің Ақпараттандыру департаментінің директоры;

2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ақпараттандыру департаментінің директоры;

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының м.а.

2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы;

2010-2024 жылдары – «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;

2024 жылғы 10 маусымда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

«Енді тек түсіндірумен шектелмейміз»: заңсыз жұмыс істеп келген саудагерлерге қатаң ескерту жасалды

Базар

Маңғыстауда қарақұрт қаптады: ауруханаларда уға қарсы сарысу жеткіліксіз

Қарақұрт

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен