USD
USD
USD

Қуаныш Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев ҚР білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Қуаныш Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық медицина университетін, Тулейн университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Гарвард университетін тәмамдаған.

2006 жылы еңбек жолын денсаулық сақтау жүйесінен бастады.

2010 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде әртүрлі қызметтерде, соның ішінде басшылық лауазымдарда еңбек етті.

2014-2019 жылдары Назарбаев Университетінде жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Сүлейман Демирел атындағы университеттің ректоры болды.

Қуаныш Асылханұлы Министрлікте жоғары білім және ғылым мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға