USD
USD
USD

Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 млн теңге сұраған әйел сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен алаяқтық жасауға оқталды және аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деп айыпталған  елорда тұрғынына қатысты үкім шығарды.

Қылмыстық іс
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Соттың хабарлауынша, астаналық алаяқ биыл мамырда бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін аяусыздықпен өлтірді деген айыпталып, сотталып жатқан кезде экс-шенеунікке қатысты үкімді жеңілдету және апелляциялық сатыға беру үшін одан 100 млн теңге көлемінде сыйақы сұраған.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, бейнежазбамен және қылмыстық іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді.

Дегенмен сотталушы кінәсін мойындамаған, ал оның қорғаушысы сотталушыны ақтауды сұраған.

«Ауырлататын мән-жай анықталған жоқ. Сот үкімімен алқабилер сотымен Г. ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 4-бөлігі – 367-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстар жиынтығы бойынша (ҚК-нің 58-бабы) 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды», - деп жазылған сот үкімінде.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар

Астанада қыз баланың үстіне құрылыс қоршауы құлады

Астанада баланың үстіне құлаған қаңылтыр