Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қуандық Бишімбаевтың інісі Байжанов рақымшылыққа ілікті

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжановқа амнистия жасалды. Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Б
Фото: ҚР Жоғарғы соты

Алматы, NEGE. Шешім заңды күшіне енген.

Бұған дейін Степногорск қалалық соты Байжановтың амнистияға байланысты жазасын қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырған болатын. Нәтижесінде оның жаза мерзімі 8 ай 8 күнге азайтылды. Осылайша, ол бостандыққа 2026 жылдың қарашасында шығуы тиіс. Алғашқы мерзім бойынша ол 2027 жылдың шілдесінде шығуы керек еді.

Сот шешім қабылдағанда сотталушының колониядан алған жағымды мінездемесін, марапаттарының барын және іс бойынша талап-арыздың өтелгенін ескерді.

Еске салсақ, Байжанов Салтанат Нүкенованың кісі өліміне қатысты істі жасыру фактісі үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық