USD
USD
USD

Қуандық Бишімбаев жазасын қай колонияда өтейді?

Әйелін азаптап өлтіргені үшін сотталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев қазір уақытша тергеу изоляторында отыр. 

Бишімбаев
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Түзеу мекемесінің хабарлауынша, жақын күндері айыпталушы жазасын Астанаға қарасты жалғыз қатаң режимдегі мекеме Аршалы түрмесінде өтейді.  Ол қаладан 60 шақырым жерде орналасқан.

93-бапқа сәйкес ауыстырылғаннан кейін Комитет бұл туралы айыпталушының туыстарына, адвокаттарына және басқа да мүдделі тұлғаларға хабарлайды.

«Бишімбаев қазір тергеу изоляторында, жазасын өтейтін мекемеге әлі ауыстырылған жоқ. Жұмыспен қамтуға қатысты келетін болсақ, сотталғандарды жұмысқа аламыз. Өндіріс орындарында әртүрлі жұмыс орындары бар. Мұның барлығы бос орынның қай жерде болатынына байланысты. Әрбір мекемеде жұмыспен қамту бөлімі бар. Қатаң режимдегі мекемеге келгеннен кейін ол 15 күн карантинде болады. Біз оны зерттейміз. Карантиннен кейін комиссияның шешімімен тиісті отрядқа орналастырамыз. Содан кейін онымен тәрбие жұмыстары жүргізіледі, жұмысқа орналасады, психологтар жұмыс істейді», - деді Қылмыстық түзету мекемесінің бастығы Теңізжан Жәнібеков.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.