USD
USD
USD

Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев түзеу мекемесі әкімшілігінің үстінен сотқа шағымданды, деп хабарлады Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі.

Бишімбаев
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Қуандық Бишімбаев мекеме әкімшілігі тарапынан ешқандай көтермелеу шаралары жасалмай жатқанын айтып, арызданған. 

Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотталғандарға жазаны өтеу тәртібі бұзылған жағдайда көтермелеу шаралары берілмейді.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотталғандарға жазаны өтеу тәртібі бұзылған жағдайда көтермелеу шарасы қолданылмайды. Сотталушының бір рет тәртіп бұзғанын ескере отырып, оған көтермелеу шаралары қолданылған жоқ», - делінген хабарламада. 

Сот Қуандық Бишімбаевтың талап арызын қанағаттандырмады.

Еске сала кетейік, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы Bau мейрамханасында экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен ұсталған болатын.

Сот үкімімен Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның туысы Байжанов аса қауіпті қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға сотталды.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі