USD
USD
USD

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы көріпкелге алып барған

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. 

Бишімбаев
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Сот барысында Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасы мен Бишімбаев арасындағы қарым-қатынастың жай-жапсарын айтып берді.

Айтбек Амангелдінің айтуынша, Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға түнімен ұйқы бермейтін болған. Ерте оятып алып, өзімен бірге көріпкелдерге алып барған.

«Салтанат екеуміз біраз сөйлестік, ол шаршап тұрғандай көрінді. Ол Қуандықтың түні бойы ұйықтатпай, әңгімелескенін айтты. Таң атпай оны көріпкелге алып барған. Маған белгілі болғандай, Қуандық емшілерге, көріпкелдерге жиі барады. Тіпті, Салтанатты кездестіргенге дейін де солай болған. Сол күні Салтанат маған «мені де бірге алып барды» деді. Бірақ екеуі ол жаққа не үшін барғандарын ашып айтпады. Көріпкел екеуінің жиі ұрысатынын, Қуандықтың оны бәрін қызғанатынын, оларға көріпкел дуа жасалғанын айтқан»,  - деді Айтбек Амангелді. 

Нүкенова отбасын сақтап қалуға тырысқан, сондықтан олар Бишімбаевпен бірге Ресейдегі отбасылық психологқа барған. Психологтың қабылдауына жазылып, барлығы 15 мың доллар төлеген.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар