USD
USD
USD

ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімді мерзімінен бұрын тоқтатты

Ұлттық теміржол тасымалдаушысы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және "Instant Payments" ЖШС жолаушылар пойыздарына электронды жол жүру құжаттарын ресімдеу және сату туралы шартты мерзімінен бұрын бұзды, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімді мерзімінен бұрын тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Ұлттық компания бұл қызметтерді өзі ұсынады. Жол жүру құжаттарын ресімдеу BILET.RAILWAYS.KZ сайтында, кассаларда және онлайн сервистерде әдеттегі режимде жүргізіледі", - делінген ақпаратта.

Ұлттық компания "Instant Payments" ЖШС-мен 2014 жылы 2023 жылдың соңына дейін жұмыс істеуге келіскен еді.

БАҚ-тың хабарлауынша, "Instant Payments" компаниясы Әлия Назарбаеваға тиесілі.

Айта кетері, бұған дейін Қазақстанның ұлттық тасымалдаушысы компанияның орталық аппаратының жаңа құрылымын бекіткенін хабарланды. Бұрын ҚТЖ-да басқарма төрағасының алты орынбасары болса, енді тек екеуі ғана қалды.

Қазір оқып жатыр

Бүгін Қазақстанда 380 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады

алғашқы қоңырау

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары