Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ҚТЖ мен Wabtec персоналды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Мемлекет басшысының Америка Құрама Штаттарына ресми сапары және С5+1 саммитіне қатысу аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Wabtec» корпорациясы кадрларды даярлау және біліктілікті арттыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

КТЖ
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ Баспасөз-қызметі

Астана, NEGE. Құжатқа сәйкес, 2027 жылы Wabtec АҚШ-тағы өндіріс орындарында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлерін оқытуды ұйымдастырады. Бағдарлама ТЭ33АT сериялы локомотивтерді пайдалану және техникалық қызмет көрсету саласы бойынша мамандарды даярлау мен олардың кәсіби біліктілігін арттыруға, соның ішінде HPCR EVO дизельдік қозғалтқышының ерекшеліктерін зерделеуге бағытталған.

Бағдарламаның бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін оқыту Қазақстандағы Wabtec нысандарында  жалғасады. Курсты аяқтағаннан кейін әрбір қатысушы оқытудан өткенін растайтын Wabtec берген арнайы сертификатты алады.

Сонымен қатар Wabtec корпорациясы «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында кадрларды шетелде даярлау бойынша іріктеліп алынған қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектерінің тағылымдамадан өтуі мен тәжірибелік сабақтарына қолдау көрсетуді жалғастырады.

Келісім Қазақстанның теміржол саласында кадрлық әлеуетті дамытуға, озық технологияларды енгізуге және жылжымалы құрамның жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық