24 Қыркүйек 16:50
...

"KTZ Express" ел тарихында тұңғыш рет Түркіменстаннан Қытайға полипропилен жеткізді

Фото:

Полипропилен Түркіменбашы портынан Қытайдың Циндао қаласына Ақтау порты арқылы жүріп өтті.

48 полипропилен тиелген контейнер теңіз арқылы Түркменбашы портынан Ақтау портына 24 сағат ішінде жеткізілді. Одан әрі жүк Қытайға тасымалдау үшін Қазақстан шекарасының маңындағы Алтынкөл станциясына жөнелтілді. 7500 шақырым қашықтықты пойыз 10 күнде жүріп өтеді.

«KTZ Express өз алдына логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынуды міндет етіп қояды» - дейді, компанияның басшысы Дмитрий Абдуллаев. Оның айтуынша, агенттік желі мен шетелдердегі өкілдіктерді дамыту халықаралық бағыттағы контейнерлік жук тасымалын ұйымдастыру және жіберудің бай тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік берді.

«Бүгінгі таңда қытайлық серіктестерге ыңғайлы болу үшін KTZ Eхpress қызметтері мен контейнерлік жабдықтары Қытайдың барлық ірі провинцияларында ұсынылып отыр»

Осы пилот сәтті шықса, полипропиленді теңіз көлігімен жеткізу бойынша тұрақты сервис іске қосылуы мүмкін. Тапсырыс берушілер бұл бағыттың оңтайлы және экономикалық жағынан тиімді екенін мойындап отыр. Сонымен бірге бағытты пайдалану Ақтау портының дамуына да үлкен серпін береді.

Тегтер: