USD
USD
USD

Қ.Тоқаев пен В.Путин телефон арқылы сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қ.Тоқаев пен В.Путин телефон арқылы сөйлесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екі ел басшылары бірін бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтап, бұл күннің бұрынғы Кеңес Одағының барлық халқы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Бұдан кейін тараптар коронавирус пандемиясына қарсы күрес мәселесін талқылап, осы бағытта тығыз ықпалдастық орнағанын айтты. Владимир Путин Қазақстан Үкіметінің індетке қарсы күрес жөніндегі шешімдері мен іс-қимылдарын Ресей тарапы мұқият бақылап отырғанын жеткізді.

Осы ретте ол елімізде жүргізіліп жатқан халыққа, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шараларын жоғары бағалап, барлық іс-әрекеттің дер кезінде қабылданып, тиімді жүзеге асқанын атап өтті. Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы уақытта өтетін отырысына дайындық жайын талқылады. 

Қазір оқып жатыр

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов

Алматы метросында колледж студентінен оқ-дәрі табылып, қылмыстық іс қозғалды

Оқ

Тоқаев әскерге шақыру мен ант қабылдауды ерекше салтанатпен өткізуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев