USD
USD
USD

Ксения Собчак Нұрлан Сабуровқа қолдау білдірді

Ксения Собчак 2022 жылы болған араларындағы ренішке қарамастан, Нұрлан Сабуровқа қолдау білдірді. Ол кезде әзілкеш сахнадан ресейлік журналисті «атқа» теңеген болатын.

Собчак, Сабуров
Фото: instagram.com/xenia_sobchak

Алматы, NEGE. Собчактың айтуынша, Сабуровты 50 жылға депортациялау туралы шешім түсініксіз. Бұның артында экономикалық немесе саяси себептер жатуы мүмкін.

Ксения Сабуровты Украинадағы қақтығыс туралы пікірлерінде өте сақ болған деп санайтынын айтып, оның жұбайының 40 мың рубльге сөмкелерін сатқанқанына БАҚ-тың неге «шүйліге кеткенін» түсінбейтінін жеткізді. Оның айтуынша, Нұрлан – өте ауқатты адам және бұдан да қымбат заттарды алуға шамасы жетеді.

«Сабуровты осылай бір мезетте бәрінің қаралауы масқара жағдай», – деп жазды Собчак.

Ресейлік Telegram-каналдар әзілкештің Собчакты «атқа» теңеген ескі видеоларын тарата бастады.

«Мені «атқа» теңегеннің бәрін жау санауым керек пе? Оларды бір дәптерге сыйғызу мүмкін емес. Мен бәрі бір-бірін өз қалауына қарай мақтайтын немесе жамандайтын жабық ортадағы әңгімелерді жек көремін. Біз мүлде жау болып кетуіміз де мүмкін, бірақ менің ойымша, Нұрланға жиіркенішті әрекеттер жасалып жатыр», – деді Ксения Собчак.

Еске салайық, ресейлік БАҚ Сабуровқа Ресей Федерациясының аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жайлы ақпарат таратты. Әзілкеш бұны Дубайдан Мәскеуге ұшып келген сәтінде Внуково әуежайында бірақ білген. Ол Қазақстанға оралуға мәжбүр болды. 

Ал ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейдің құзырлы органдарынан әзілкештің ұсталғаны туралы ресми ақпарат түспегенін хабарлаған. Сондай ақ, Нұрлан Сабуровтың өзі Мәскеудегі елшілікке жүгінбеген.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Референдум

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

.

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Маңғыстау облысы

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум