USD
USD
USD

Кісі өлтірді деп күдікке ілінген қазақстандық 25 жылдан кейін басқа елде ұсталды

Шымкентте полиция кісі өлтірген күдіктіні 25 жылдан кейін басқа елден ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Қылмыс
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, қайғылы оқиға 1999 жылдың тамызында болған. Шымкенттегі жеке үйде зорлықпен өлім белгілері бар зейнеткердің денесі табылған. Сараптама нәтижелері марқұмның тұншығып қалғанын көрсеткен.

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастағанымен осы уақытқа дейін қылмыс "тікелей дәлелдердің болмауына байланысты" ашылмаған.

"Алайда, біраз уақыттан кейін оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктіні табу мүмкін болды. Белгілі болғандай, күдікті осы уақыт ішінде басқа мемлекеттің аумағында аса ауыр қылмыс жасағап, жазасын сол жерде өтеген. Көрші мемлекетпен жүргізілген реадмиссия рәсімдерінің нәтижелері бойынша күдікті Шымкент қаласына әкелініп, қамауға алынды", - деді Руслан Назаров.

Кісі өлтірді деген күдікті қай елден табылғанын департамент басшысының орынбасары нақтыламады.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының криминалдық полиция қызметкерлері 16 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Ол үш адамға оқ жаудырған.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат