USD
USD
USD

Кроуфорд Головкиннің бұрынғы қарсыласын жеңді

Кроуфорд Головкиннің бұрынғы қарсыласын жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.

Кроуфорд Головкиннің бұрынғы қарсыласын жеңді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Лас-Вегас қаласында (Невада, АҚШ) үлкен бокс кеші өтті, деп жазады Prosports.kz. Кештің басты жекпе-жегінде америкалық Терренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) пен британиялық Келл Брук (39-3, 27 КО) жартылай орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салды. Бұл кездесу төртінші раундта аяқталды. Қазіргі чемпион Кроуфорд техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Айта кетейік, Келл Брук 2016 жылдың 10 қыркүйегінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан. Лондондағы O2 аренасында өткен жекпе-жекте GGG бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Қазір оқып жатыр

Жапонияда Азия Пара ойындары басталды: Қазақстаннан 150 спортшы қатысады

.

Жетісу облысында шағын автобус КамАЗ-ға соғылып, екі адам қаза тапты

kris_p_kaz/Instagram/ ЖИ арқылы өңделген

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп